Жібек протеиндері, аргана майы және METAMYKS кешені бар кондиционер бальзамы шашты бүкіл ұзындығы бойынша нығайтады, оны зиянды әсерден қорғайды, тарауды және сәндеуді жеңілдетеді, жылтыр, серпімділік пен түс жарықтығын береді. Құрамында сульфаттар, парабендер, силикондар жоқ. ODA Naturals нығайтқыш кондиционер бальзамы шаштың барлық түрлеріне жарамды.
METAMYKS КЕШЕНІ
METAMYKS кешені - табиғи антиоксиданттар, коллагеназа белсенділігі бар ферменттер, Q10 коферменті, амин қышқылдары, фосфолипидтер, А, В, D, F, E дәрумендері, микроэлементтер қамтылған саңырауқұлақ мицелийінің сорындысы. Шаштардың құрылымына жағымды әсер ете отырып, олардың сау көрінуіне ықпал етеді.
ЖІБЕК ПРОТЕИНДЕРІ
Жібек протеиндерінің молекулалық салмағы төмен, сондықтан шаштың құрылымына оңай еніп, зақымдалған аумақтарды қалпына келтіреді және шашты бүкіл ұзындығы бойынша нығайтады. Осының арқасында шаш тегіс, жылтыр, серпімді болады. Жібек протеиндері ылғалды сақтауға көмектеседі, шаштың құрғауы мен күңгірт түсінің алдын алады, шашты қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.
АРГАНА МАЙЫ
Аргана майы, "Марокконың сұйық алтыны" - әлемдегі ең құнды өсімдік майларының бірі. Оның құрамында дәрумендер (А және Е) және Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары бар. Аргана майы шаштың құрылымына еніп, оның тығыздығын арттырады және сынуға, жұқаруға және қиылып түсетін ұштардың пайда болуына жол бермейді. Бұйралар сау жылтыр мен серпімділікке ие болады.
ODA Naturals нығайтатын кондиционер бальзамы кез келген шаш түріне бірдей жақсы әсер етеді.
Әсерді күшейту үшін жібек протеиндері бар Oda Naturals нығайтқыш сусабынмен біріктірілген кондиционер бальзамын пайдаланыңыз.
өндірілген күннен бастап 2 жыл.
0-ден +25°С-қа дейінгі температурада сақтаңыз.